«Тарихи калейдоскоп» ойыны

 Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек.

VII аймақтық ғылыми-практикалық конференция жеңімпаздары

«Күз Ханзадалары мен Ханшайымдары»

Күз - ерекше жыл мезгілі. Біз оны әркелкі атаймыз. Ызғарлы, жомарт, жауынды, алтын күз дейміз. Қандай болса да, бәріміз үшін ерекше тамаша кезең. Бұл мезгілде өнім жинаймыз. Алдағы қысқа даярланамыз. Ерекше түрге енген таңғажайып табиғат та бәрімізді мол әсерге бөлейді. Тіпті қарасаңыз көз тоймайды.

Осындай керемет жыл мезгілінде дәстүрге айналған  «Алтын күз» атты күзгі балл кеші № 19 орта мектебінде өтті. Өткізудегі негізгі мақсат Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Өлкетану» бағытын жүзеге асыру, оқушылардың  бойларында  ұйымшылдығын, қызығушылығын, арттыру, ой-өрісін кеңейте отырып, табиғат сұлулығын сезіне біліп, оны аялай білуге тәрбиелеу.

Жаңа жыл кешінің талдауы

27.12.17 ж. уақытында мектебімізде жаңа жылдық кеш өтті. Жаңа жылдық кештің мақсаты- оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Аталмыш іс – шара мектеп оқушыларының жас ерекшелігіне қарай әр түрлі уақытта ұйымдастарылды. Төменгі буындар үшін 11:00 – де, ортаңғы буын 12:00- де жоспарланып өткізілді. Жалпы талалып отырған іс – шара барысы ойынға ұйымдсатырылып, келген оқушылардың көңілін көтеруге бағытталғаны анық. Кейіпкерлер өздеріне берілген кейіпті жақсы орындап шықты. Олардың ішінде сайықмазақ, сиқыршы, ит, тауық секілді кейіпкерлер атсалысты. Бағдарламада би мен ән айтылып жаңа жылдың сәні Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алды.Олармен ойын ойнап балалар бір сергіп қалғаны тағы бар. Ал келесі кезекте 16:00- де жоспарланған жоғарғы сынып оқушыларының жаңа жылдық кеші жоғарыда аталған кештен өзгерек өтті. Әрине оқушылар жас ерекшелігін есепке ала отырып ұйымдастырылды. Келген оқушылар маска киіп, әдемі көйлектері мен костюмдерін киіп келген қыздар мен ұлдар кештің сәнін келтірді.Олар өздеріне дастархан жайып, сол екі ортада өз өнерлерін де дайындап келген. Өздері дайындаған өнерлерін ортаға салып барлық отырғандарды таңдай қақтырды. Сонымен қоса кеш қызығы ойын емес пе ?! Ойындарын ортаға салып өткізіп, өз көңілдерін өздері көтеруге барынша тырысты.Кеш өте жақсы өтті деуге толықтай болады. Сонымен қатар ең қызықты болған ол кеш соңындағы би болатын. Оқушылар жақсы әсер алып кеткендері көрініп – ақ тұрды.

Осымен жоспарланған Жаңа жылдық кештер аяқталды.