«Күз Ханзадалары мен Ханшайымдары»

Күз - ерекше жыл мезгілі. Біз оны әркелкі атаймыз. Ызғарлы, жомарт, жауынды, алтын күз дейміз. Қандай болса да, бәріміз үшін ерекше тамаша кезең. Бұл мезгілде өнім жинаймыз. Алдағы қысқа даярланамыз. Ерекше түрге енген таңғажайып табиғат та бәрімізді мол әсерге бөлейді. Тіпті қарасаңыз көз тоймайды.

Осындай керемет жыл мезгілінде дәстүрге айналған  «Алтын күз» атты күзгі балл кеші № 19 орта мектебінде өтті. Өткізудегі негізгі мақсат Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Өлкетану» бағытын жүзеге асыру, оқушылардың  бойларында  ұйымшылдығын, қызығушылығын, арттыру, ой-өрісін кеңейте отырып, табиғат сұлулығын сезіне біліп, оны аялай білуге тәрбиелеу.

Аталмыш іс – шара 20 қазанда 8-10 сыныптарына, ал 21 қазан күні 1-4, 5-7   сыныптар аралығында ұйымдастырылды.  Әр сыныптан бір жұптан шығу, сонымен қатар  үй тапсырмасын орындау берілген. Іс – шараның барысы 3 кезеңнен  өтті.Олар: «Таныстыру», «Өнерлінің өрісі кең» , «Күз тартуы».Жоғары сыныптар үшін үшінші  кезең « Күзгі Вальс» биімен ерекшеленді.Жалпы 1-4 сынып аралығында 16  жұп қатысса, 5-7 сынып аралығында 10 жұп, 8-10 сыныптар аралығынан 9 жұп өз сыныптарының атынан бақ сынады. Әр жұп бірінші байқауда өздерін таныстырып, күзгі сән үлгісін көрсетсе, келесі байқау шарты бойынша өнер көрсету болатын. Бұнда жұптар  би билеп, бірі ән салса, енді бірі түрлі гимнастикалық жанрдан қойылым көрсетіп  т.б.түрлі  өнерлерін  ортаға салды.Байқаудың үшінші  кезеңі бастауыш пен ортаңғы буындар үшін қол бұйымын жасау тапсырылған. Жұптарымыдың бармақтары майысып жасаған  түрлі  таң ғажайып дүниелерінің куәсі болғандығымыз рас. Ал жоғарғы сынып жұптары  қыздары ақ көйлектерін киіп жұбымен күзгі вальс биін тарту етті. Қатысушылардың бәрі өнерлі, бірінен бірі озып көрермендер  мен әділ – қазылар алқасын таң қалдырды. «Өнерлі жанды ел мақтайды» демекші бірінен соң бірі шыққан жұптарға қарап олардың бойындағы тұнған өнер көз тойдыра тамсандырғандығын баса айтып өткен жөн.

Іс – шараның қорытындысы бойынша  «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» атағына  1-2 сынып аралығында 2 «А» сынып жұбы Ботабаева Мадина мен Асанбаев Уласхан,

3-4 сыныптар арасынан 3 «А » сынып жұбы Рахатов Нұрсұлтан және Рахман Айдана, 5-7 сыныптар аралығынан  5 «Б » сынып жұбы Жақсымуратов Ерұлан мен Абдраманова Ақмарал

8-10 сынып аралығында 9 «А»  сынып жұбы Мұсағалиев Темірлан пен Джумагазиева Назерке лайық деп танылды.

Өткізілген іс – шара мектеп оқушыларының табиғат сұлулығын сезіне білуге, оны аялай білу сүйіспеншілігін оятуға, бір сынып, бір ұжым болып ұжымшылдығын, шығармашылығын арттыруға айтарлықтай үлес қосқандығын, жаңа өнерпаздардың  көрінуіне мүмкіндік туғызғандығын аңғаруға болады.