VII аймақтық ғылыми-практикалық конференция жеңімпаздары

 «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың 6 ақпан күні 1-11 сынып оқушылары аралығында Т.Е. Даулетбаев атындағы «Өсіп келе жатқан ұрпақтың зияткерлік әлеуеті – Қазақстанның индустриалды-инновациялық табысты дамуының кепілі» оқушылардың ҮІІ ашық аймақтық  ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.  Оқушылардың ғылыми жобаларды қорғауы, зерттеу жұмысын көрсетуі сияқты негізгі мақсатқа көзделген жұмыстар бірнеше секция бойынша өтілді. Осы конференцияға Рудный қаласы, №19 орта мектебінен 17 ғылыми жұмыс қатысты.  Өзекті деген түрлі тақырыптарда оқушылар өздерінің жұмыстарын қорғады. «Латын әліпбиінің қазақ тіліне әсері», «Есім қою – тағдыр шешу ме?», «Мүмкіндігі шектеулі жандар – қоғамның бір бөлшегі» атты жұмыстар жүлделі 1-ші орын алды. Құрма және оның пайдасы, И.А.Крыловтың «Өгіз бен бақа» мысалының үш тілдегі тілдік ерекшеліктері, Газет тілінің синтаксисі т.б. тақырыптар жақсы қорғалып, нәтижесін көрсете алды. 12 жұмыс жүлделі 1-3 орындарға, «көрермен көзайымы» атағына да  ие болды. Қалған 5 жұмыс түрлі номинациялармен марапатталды.

Аты-жөні

Сынып

Орын

Жетекшісі

1

Асанбаев Абылайхан

 6 

І “Көрермен көзайымы” номинация

Сулекина Н.М.

2

Төрежанов Дулат

7

І “Көрермен көзайымы” номинация

Сайфуддинова Г.А.

3

Қаланбекова Асем

9

І

Жаксылыхова Г.Н.

4

Садуахасова Каракат

6

ІІ

Абдыжанова Г.К.

5

Молдабаева Алеся

7

ІІ

Сайфуддинова Г.А.

6

Жарылкасинова Гульниса

10

ІІ

Усманова А.К.

7

Досанова Малика

10

ІІ

Сайфуддинова Г.А.

8

Утеева Таңшолпан

10

ІІ

“Көрермен көзайымы” номинация

Смагулова Г.Г.

9

Асанбаев Уласхан

Жандуллаева Айдана

2

ІІІ

Бектенова Г.С.

10

Сыбанкулова Балжан

9

ІІІ

Досмагулова О.С.

11

Нурдуллаева Малика

11

ІІІ

Усманова А.К.

12

Асилбекова Айдана

8

ІІІ

Ахметова Д.Е.

13

Қудайбергенқызы Әсел

3

Номинация

Тагаева К.Е.

14

Төлеу Арузат

7

Номинация

Сайфуддинова Г.А.

15

Досбергенова Гульфия

8

Номинация

Дангилова Г.К.

16

Кузенбаева Айгерим

Бердібеков Нұрсұлтан

8

Номинация

Жанболганова У.Н.