«Тарихи калейдоскоп» ойыны

 Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек.

Осыған орай, 7 ақпан күні Рудный тарихи-өлкетану мұражайында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында «Мәдени мұра жаңғыруы – болашақтың жарқын жолы» атты тарихи калейдоскоп ойыны өткізілді. Тарихи калейдоскоп ойынына Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» КММ мен «№13 орта мектебі» КММ қатысты. Сайыс барысында оқушылардың танымдық көзқарасы, ой-өрісі, дүниетанымы кеңейіп, логикалық ойлау, шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттері қалыптасты. Ойын өте қызықты әрі тартымды өтті. 6 «Ә» сынып оқушылардың білімдерін саралау барысында ой ұшқырлықтарының терең екендіктерін байқатып, өздерінің білімдерінің арқасында «№19 орта мектебі» КММ 1 орынға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды.

Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз.

Қазір кезде болашақ – білімді ұрпақтың, яғни жастардың қолында. Сондықтан осындай түрлі жарыстар өткізу арқылы оқушыларды қызықтыра түсіп, Отанға, елген деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсеміз.