Мазмұны

17.02.2018ж күні «Іс-тәжірибені зерттеу –ұжымдық оқыту әдісі» тақырыбынлда жас мамандарға арналған коучинг өткізілді. Коучингтің мақсаты - Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуда, бірлесіп оқушыларды жан - жақты зерттеу арқылы жұмыс жасайтын педагогикалық тәсіл туралы білуге, тәжірибе алмасуға бағыттау. Визуалды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат ұстаздардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізді. Топпен болашақта оқушыларды зерттеу сабағын жүргізудегі тиімді жолдарын қарастыру арқылы жас мамандар ашық сабақ пен зерттеу сабығының айымашылығын білді. Топтың көмегімен бірлесіп жүргізген зерттеу жұмысы әлдеқайда тиімді екендігіне көздері жетті. Жұмыстың қорытындысы ретінде өзара зерттеу жұмысын жоспарлап, жас мамандар эұмысқа кірісіп те кетті.