Мазмұны

Семинардың талдауы

13.01.2018ж «Жігер» қоғамдастығы жетістікке бастайды» семинары болып өтті.

Семинардың мақсаты:

Білімнің құндылықтарын жоғары бағалайтын жаңашыл педагогтардың кәсіби білімдерін дамыту;

Міндеттері:

* өзара тәжірибе алмасып, дамуына жағдай жасау;

* барлық іс-шара жұмыстарды бірлесіп шешу.

Жұмыс жасау қағидаттары:

* сенімділік;

* жауапкершілік;

* өзара қолдау ;

* шынайы қарым-қатынас.

Семинардың жұмыс уақыты:

 

1)09.00-09.20-ашылу салтанаты

Акт залында

2)09.25-10.40-коучинг-сабақтар және

«әдіс-тәсілдер»

3)Рефлексия

 

І-Коучинг-сабақ: /40 мин/

Тақырыбы:

«Блум таксономиясы-оқушы білімін арттырудың тиімді әдісі»

Мақсаты: Мұғалімдердің өз пәні бойынша Блум таксономиясының танымдық деңгейлері бойынша сұрақтар мен тапсырмалар дайындау машықтарын жетілдіру;Блум таксономиясы негізінде сабақ жоспарлау және өткізу дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

*Блум таксономиясы бойынша оқу тапсырмаларын дайындауды үйренеді.

*Алты деңгейлі оқу тапсырмаларын түсінеді.

*Топ арқылы бірлесе әрекет етудің тиімділігін түсінеді.

*Сын тұрғысынан ойлаудың түрлі әдіс-тәсілдерін біліп және оларды оқу үрдісінде тиімді пайдаланады.

*Оқушылардың белсенділігінің артатынына сенімділік пайда болады.

 

ІІ- «Интербелсенді алаң

«әдіс-тәсілдер» 10мин

Жаксылыхова Г.Н

«Бір сабақты құрастыруда «блум таксономиясын» қалай қолданамыз?»

 

Жунусова К.С

«Үй тапсырмасын тексеруде «блум таксономиясын» қалай қолдануға болады?»

Гимаева Ж.М

«Жаңа сабақты түсіндіруде «блум таксономиясын» қолдану»

Усманова А.К

«Сабақты бекіту кезеңінде «блум таксономиясын» қолдану»

Саналиев Г.Е

«Блум таксономиясын» қолданып, қандай тапсырма құрастыруға болады?»

Ашуханова А.К

«Мәтінді «блум таксономиясына» салып, қалай меңгертуге болады?»

Катешова Н.Т

«Бағалауда «блум таксономиясын» қолдану»

Рефлексия ауызша берілді.