2006 жылдан бастап таза мемлекеттік тілдегі, яғни қазақ тіліндегі мектеп болып қалыптасты. 2008-2016 жыл аралығында  мектепке  Мырзахметов Серік Қайырханұлы басшылық жасаса,   2016 жылдың қазан айынан бастап  мектебіміздің директоры – Смағұлова Гүлжазира Ғинятқызы.  Қазіргі таңда  мектебімізде 75 мұғалім, 3 психолог маман, 1 әлеуметтік –педагог, 2 кітапханашы   қызмет етеді. Барлығы - 40 сынып комплектісінде  942 оқушы білім алып,     2 компьютер сыныбы мен лингафонды-мультимедиялық кабинеті жұмыс жасайды. Химия, физика,биология кабинеттері қазіргі заман талабына сай интербелсенді құралдармен жабдықталған.

          Жалпы саны – 7 модификациялық кабинет жұмыс жасайды.

       2016-2017 оқу жылында мектеп педагогикалық ұжымы «Замануи технологиялар арқылы оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жетілдіру» атты әдістемелік тақырыбымен жұмыс жүргізіп келеді. Заман талабына сай, қазіргі білім беру жүйесі  жаңарып келеді. Мектеп мұғалімдері де жаңалықтан жат қалмай, сол ағынмен бірге ілесіп, өз білімдерін жетілдіріп, жаңашыл оқытуға қадам басқан.  І (Ілгері) деңгей бойынша 3 мұғалім, ІІ деңгей бойынша 3 мұғалім, ІІІ деңгей бойынша 10мұғалім «Назарбаев зияткерлік мектептері» мен Педагогикалық шеберлік орталығының Әдістемелік кеңесі ұсынған бағдарламасы бойынша  деңгейлік курстан өткен. Мектепте сертификатталған мұғалімдерден құралған «Жігер» қоғамдастығы жұмыс жасайды. Жаңаша білімге қадам басуда осы қоғамдастықтың қосып жатқан үлесі мол.

        Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы мақсатында  түрлі тақырыпта коучингтер өткізу арқылы, жаңаша әдіс-тәсілдерді де үйрету үстінде. Мұғалімдер мектепте, қалада және облыс, республика деңгейінде ұйымдастырылып отыратын кәсіби, шығармашылық сайыстарға үнемі қатысып, жүлделі орындарға да ие болып жүр. Биылғы оқу жылына шолу жасап өтетін болсақ, облыс деңгейінде ұйымдастырылған «Үздіктердің үздігі» мультимедиялық сайыста Жақслыхова Гүлназ Нұрмұратқызы І орынды иеленсе, қала деңгейінде өткен «Менің инновациялық сабағым» қашықтық байқауында Сулекина Нұргүл Мырзашқызы мен Сармурзина Жадра Сундетбайқызы ІІІ орынға ие болды. Түрлі деңгейде өтілетін байқауларда өз білімдерін шыңдайтын оқушыларымыз да аз емес. Мәнерлеп оқу байқауында Ешназарова Лаура, Нурдуллаева Малика, Өтеева Таншолпан, Қаланбекова Айнұр сияқты оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болса, пән олимпиадасы және қашықтық олимпиадалардан  Тлегенов Саян, Шнетова Ақбота, Хайролла Самал атты оқушылар алдыңғы қатардан көрінеді.   Шығармашылық сайыстарда мектебіміздің дарынды оқушылары Утегенов Жасұлан   мен Қуанышев Асет, Зиядинова Мадина мен Райымбаева Жанерке сияқты оқушыларымыз қала, облыс,республика деңгейінде танылып, қандай сайысқа қатысса да, жүлделі орындарды иемденіп жүр.  Спорттық іс-шаралар, дебат, КВН  ойындары  жиі ұйымдастырылып, мектебіміздің футбол, дебат, КВН  командалары  қала мектептерінің арасындағы  үздік командалар қатарында келеді.

         Егемен елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ, олардың білімді де білікті жан-жақты жетілген, жоғары мәдениетті, парасат-пайымы мол саналы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты, сондықтан да, мұғалім мектептегі басты тұлға. Мұғалімге артылар сенім жүгі соншалық ауыр әрі ұлағатты ұлы жол. Өйткені ұрпақ тағдыры – еліміздің ертеңгі тағдыры осынау жауапкершілігі мол жұмыс екендігін   № 19 орта мектеп мұғалімдері  толықтай біледі және мойымай көтеріп, міндеттерін абыройлы атқарып келеді.