Рудный қаласы әкімдігінің

«№19 орта мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабын орындау үшін және Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілігін арттыру мақсатында әзірленді.

1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: білім беру;

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мектеп);

3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-әрекет) қағидалары:

3.1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

  • заңдылық қағидасын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң түрде сақтау;
  • мүдделер қайшылығының қандай да бір пайда болу мүмкіндіктерін болдырмау бойынша шаралар қабылдау;
  • өз құқықтары мен заңды мүдделерін жеке және заңды тұлғалардың іске асыруына қиындық тудыратын іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу;
  • жеке мүліктік және мүліктік емес пайдасын алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттілігін және онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланбау;
  • жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерді салу, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы, экономикалық және өзге де жетік тәсілдерін қолдану;
  • қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін тұрақты түрде арттыру;
  • қызметтік жағдайын теріс пайдалануға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде негізсіз бюрократиялық және қағазбастылық көріністерге, сондай-ақ дөрекілік пен теріс пікір көрсетуге жол бермеу;
  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін сақтау және қорғауды қамтамасыз ету;
  • әріптестерінен жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қолдау және оны сақтауды талап ету.

3.2. өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
  • құпиялықты сақтау және қызметтік, мемлекеттік құпияны қамтамасыз ету;
  • кәсіптік (қызметтік) әдепті сақтау;
  • оны сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға өзге тұлғалардың мәжбүрлеу жағдайы туралы білім бөлімінің басшысына, уәкілетті мемлекеттік органдарға кідірместен жазбаша нысанда хабарлау;
  • еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, берілген өкілдікпен тиімді басқару; өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы орындау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану;
  • лауазымдық міндеттерін атқаруда жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу;
  • жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және өзге де тұлғалардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайды пайдаланбау;
  • үшінші тұлғалардың мүддесін ұсыну мен лоббилендіруден тартыну, олардың атынан әрекет ету онымен тең;
  • өзге мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілер қызметіне заңсыз араласуды жүзеге асырмау;
  • бейтарап қызметтік шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін белгіленген өзара қарым-қатынас тәртібін бұзатын өтінішпен әріптестеріне және басшысына жүгінуден тартыну.

3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:

  • жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық палатасына сараптама қорытындысын алу үшін, сонымен қатар мүдделі мемлекеттік органдармен осы жобаны кейін әр келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде бере отырып жолдау;
  • жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бұқаралық ақпарат құралдарында, оған қоса интернет-ресурстарда оларды сараптама кеңесінің отырысында қарағанға дейін міндетті түрде жариялау.

3.4. Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:

  • Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін сақтау және қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шараларды қабылдау;
  • бағынушы жұмыскерлерді негізсіз айыптауға, дөрекілік көрсету фактілеріне, адам намысын қорлауға, әдепсіздікке, қисынсыз мінез-құлыққа жол бермеу;
  • басшылардың тапсырмаларын орындау процесінде тек объективті және шүбәсіз мәліметтерді беру;
  • мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, меншікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалану;
  • ұжымда іскери қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастық құруға және нығайтуға мүмкіндік беру;

оларға мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы мектеп директоры немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға кідірместен хабарлау.

4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

  • Конституцияны және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнама талаптарын сақтау;
  • Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген шектеулерді сақтау;
  • Мектеп директорының оның лауазымдық өкілеттігі шегінде шығарылған бұйрықтарын орындау;
  • әріптестерге, басшыларға және өзге лауазымды тұлғаларға сыйлық сыйламау;
  • қызметтік өкілеттігін орындауына байланысты сыйлық қабылдамау;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға өзге тұлғаларды итермелемеу және көтермелемеу;
  • мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе табу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік немесе өзге де ақпаратты пайдаланбау.