Ата – аналарға арналған  сауалнама

  Құрметті ата – аналар, сіздердің бала тәрбиесінде емтихан  күнделікті әр сағатта, жыл бойы  кездеседі. Сондықтан кейбір  кездесетін жағдаяттарды қалай  шешесіздер, соны білгіміз келеді. Біз  сіздерге сұрақтар  беріп, соған жауап берулеріңізді  сұраймыз.

  1. Сіз  үйде  тығыз бір жұмыс істеп жатырсыз. Балаңыз өзіне көңіл  аударғанын қалайды. Сіз не істер едіңіз?
  2. Сіз шаршап, өзіңізді нашар сезініп тұрсыз. Сіздің  ұлыңызға (қызыңызға) достары келеді. Сіз не істер едіңіз? (сіз не айтар едіңіз?)
  3. Қызыңыз (ұлыңыз) сіздің  алғашқы  махаббатыңыз туралы білгісі келеді. Сіз не айтар едіңіз?
  4. Сіз балаңызға  күнделікті көп уақыт (көп көңіл) бөлесіз бе?
  5. Сіз балаңызды темекі  тартқаның  байқап  қалдыңыз.Не істер едіңіз?
  6. Балаңыз  туған  күннен кеш келді, оның аздап ішімдік  ішкенін сездіңіз.  Сіз не істер  едіңіз?
  7. Сіздің балаңыздың өтірік айтатынын байқадыңыз. Не істер  едіңіз?
  8. Сіздің балаңыз мұғалімдер  туралы  жаман пікір  айтты. Сіз бұл жағдайда  не істер едіңіз?
  9. Сізге  балаңыздың досы (құрбысы) ұнамайды.Сіз бұл  достыққа  өзіңіздің  тарапыңыздан әсер  етесіз бе?
  10. Балаңыздың  дискотекаға  баруына  рұқсат  бересіз. Балаңыздың  сағат  нешеде үйде болуын  талап етесіз?
  11. Сіздің  көңіл күйіңіз  төмен болса, жанұяға, балаларыңызға ісері тие ме?
  12.  Бала тәрбиесіндегі  қандай  әдісті жиі  қолданасыз?
  13.  Сіздер балаға  тек қана  ата –ана емес,  дос болуларыңыз керек. Бұл үшін не істеулеріңіз керек?
  14. Сіз балаңыздың жаман қылығын білдіңіз. Сіз қалай  қабылдайсыз және  не істер  едіңіз?
  15. Сіз балаңыздың  күнделігін тексеріп, алған бағаларына  талдау  жасайсыз ба? Әңгімелесесіз бе?

 Ата-аналардың есіне!

 Балаларыңызға оларды жақсы көретіндеріңізді  жасырмай, жиі білдіріп тұрыңыздар

  1. Неғұрлым жанұяңызбен бірге уақытыңызды жиі өткізіңіз, өткен күндерді талқылап, жанұялық ахуалды ақылдаса отырып, шешім қабылдаңыздар
  2. Балаңыздан ақыл сұраудан қорықпаңыз, бұл сіздердің араларыңызды  жақындата түседі
  3. Балаңыздың достарын жақсы біліңіз
  4. Балаңызға тек ата-ана ғана емес, жанашыр досы да бола алады.
  5. Балаңызға әр уақытта үлгі бол біліңіз, есіңізде болсын, өз ата – анаңызды сыйлаңыз, ертең  сізді де балаңыз сыйлайтын болады.Өз кемшілігіңізді  көрсетпеуге тырысыңыз.
  6. Естеріңізде болсын, балаларыңыз үйге қонақ, ерте ме кеш пе туған ұясынан ұшып кетеді. Балаларыңыз  ертең туып-өскен  ұясын сағына еске алатындай, туған үйінің жылуын ұмытпайтындай болсын.
  7. Мектепке жиі келіңіз. Атақты педагог В. Сухомлинскийдің «отбасы мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие болады» деген сөзін ұмытпаңыздар.