Психологиялық кеңес

Мұғалімдерге  психологиялық  кеңес

 

  Мұғалімдер үшін. Мазасыздықты қалай жоюға болатыны туралы ақыл-кеңес (Д.Карнеги бойынша)

 Өз өміріңізде мазасыздықты мүлде болдырмау үшін үнемі бір нәрсемен айналысу керек. Жұмыс бастылық – жабырқаудың бірден бір емі.

 Шарасыздықты қабылдаңыз. Егер сіздің жағдайды өзгертуге мүмкіндігіңіз болмаса, онда өзіңізге: «Бұл солай болды, басқаша болуы мүмкін емес» деңіз.

Ешқашан қас-жауларыңыздан кек алуға тырыспаңыз, олай болатын болса, сіз өзіңізге одан бетер зиян келтіресіз. Одан да мына ережені ұстаныңыз: өзіңізге ұнамсыз адамдар жайлы ешқашан ойламау.

 Жан тыныштығы, жау жүректік, денсаулық пен үміт жайлы ойлаңыз. «Біздің өміріміз – біз нені ойласақ, сол». Осыны естен шығармаңыз!

 Үрей мазасыздықты тудырады. Егер өз үрейлері мен мазасыздықтарын жоя білетін болса, дәрігерлерге жүгінетін пациенттердің 70%-ының өздігінен емделіп кетулеріне мүмкіндіктері бар.

 Қатал ақиқатты өмірге бейімделуге күйі жоқ, мазасы кеткен және әбден титығына жеткен адам өзін қоршаған ортамен барлық байланысты үзіп, өзі ойдан шығарған әлемге еніп кетеді.

 Егер қырсық сіздің соңыңызға түсіп, тығырыққа тірейтін болса, онда: «Егер мен өз мәселемді өзім шеше алмайтын болсам, одан өткен жаман бар ма?» деп өз-өзіңізге сұраққойыңыз. Өз ойыңызда шарасыз жағдайға бойұсынған болсаңыз,онда сол тығырықтан шығудың жолын ойша ойластырыңыз.

 Мазасыздық, өз-өзіне сенбеушілік біздің өз-өзімізді бағалаумен тығыз байланысты.

 Адам ең алдымен өзін-өзі сыйлап, өзін-өзі жақсы көруі керек, содан кейін барып басқаларды сыйлап, жақсы көруі керек.

 

Психологиялық кеңес

 Ойды дамыту жолдары.

 1.Ақылды болғың келсе, мағыналы сұрақ қойып үйрен, мұқият тыңдай біл, байсалды жауап бер және басқа айтарың болмаса үндемей қал.

 2.Ой күшінсіз білімді алу мүмкін емес, сонымен қатар ойда білімсіз дамымайды.

 3.Ойды дамыту – бұл өз ақыл-ойыңды біліммен толтыру. Білім көздері алуан түрлі: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар: заттар, құбылыстар, адамдар туралы ақпараттар береді.

 4.Ой сұрақтардан басталады. «Неге?»,және «Қалай?» деген сұрақтар арқылы барлық жаңалықтар ашылды. Сұрақ қоюды және оған жауап іздеуді үйрен.

 5.Әзір стандартты шешімдер қалған нәтиже бермесе ғана, ой белсенденеді. Сондықтан ойдың дамуы үшін заттар мен құбылыстарды әр қырынан көре біліп, жаңа нәрсені байқай білу керек.

 6.Зат пен құрылыстың әртүрлі белгілерін байқау, және оларды салыстыра білу – ақыл-ойдың қажетті қасиеттері.

 7.Адам объектінің әртүрлі белгілерін көре білетін болса, онда оның ойы икемді және жетілгенін білдіреді. Бұл икемділікті тапқырлыққа айналған ойындарда, логикалық тапсырмалар мен басқатырғыштар арқылы жаттықтыруға болады.