«Қарым-қатынас» тесті

  «Иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.

  1. Маған біреуге өзімнің ойымды айту ұнайды.
  2. Мен достыққа қарағанда, біреуге әсер етуге шоғырланамын.
  3. Менің көңіл-күйім, достарымның жетістігі туралы естігенде төмендейді.
  4. Достарыма қарағанда, менің құқығым көп екенін сеземін.
  5. Өз-өзіммен қанағаттануым үшін, басқа біреуге жақсылық жасауым керек.
  6. Мен достарымның жанында болғанда, менің проблемаларым жоқ болып кетеді.
  7. Мен достарымнан жалықтым.

 8.Мен сабақ оқып жатқанда, мені мазалағанын қаламаймын

 9.Маған басқа біреулерге көмектесу, қиындық туғызса да ұнайды.

10.Менің досымның ойы дұрыс болмаса да, мен оны сыйлағандықтан келісемін онымен.

  1. Мен жалғыз болған кезде көп қорқыныш пен қысым сеземін.
  2. Менің ойымша, өмірдің негізгі қызығы қарым-қатынас болып табылады.

 13.Менде көп дос болғанын қаламаймын, тек жақындары болса.

 14.Мен көпшіліктің арасында болғанды қалаймын.

  1. Мен жақын адамдармен ренжіскенде өзімді жаман сезінемін.

 16.Менің достарым басқаларға қарағанда көп.

 17.Мен басқа адамдардың ойынан, өзимнің ойыма көбірек сенемін.

 18.Мен жақындарыммен қарым-қатынасқа түскеннен,әлеуметтік жағдайға және беделдікке көңіл бөлемін.

 19.Менің жақын достары жоқ адамдарға жаным ашиды.

 20.Маған деген қарым-қатынаста көптеген адамдардың көңілі толмайды.

Кілт:

 Сіз 1 баллдан аласыз:

 А) «Иә»деген жауаптарға мына сұрақтар жатады – 5, 6, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 19;

 Б) «Жоқ» деген жауаптарға мына сұрақтар жатады – 1, 2, 3, 4, 7, 8, 10, 17, 18, 20.

Нәтиже:

10 баллға дейін -  қарым-қатынас деңгейі төмен;

 11ден   14балл – орташа;

 15тен  20балл – жоғары.

 

«Стрессті анықтау»

  Тест «Стрессті анықтау».

 Болмайтын нәрсе мені кейде ғана тітіркендіреді

  1. Біреуді күткенімде ғана қобалжимын.
  2. Ұялған уақыттарымда қызарып кетемін.
  3. Ашуланғанымда мен біреуді абайсыз өкпелетіп алуым мүмкін
  4. Сынды көтере алмаймын, өзімді ұстай алмаймын.
  5. Егерде автобуста біреу мені итерсе, мен тура сондай жауап қайтарам немесе дөрекі жауап қатамын.
  6. Бар бос уақытымда бір іспен айналысамын.
  7. Кездесуге әрқашан кешігіп немесе ерте келемін.
  8. Тыңдау қабілетім төмен, міндетті түрде сөзге қыстырылып отырамын.
  9. Аппетиттің жоқтығынан қиналамын.
  10. Себепсіз көп қобалжимын.
  11. Таңертеңгі уақытта өзімді нашар сезінемін.
  12. Өзімді нашар сезініп, аз ұйықтаймын, ұзақ уақыт ұйықтай алмаймын.
  13. Жеткілікті ұйықтағанның өзінде өзімді сезінбеймін.
  14. Жүрегіммен бір нәрсе дұрыс емес шығар деп ойлаймын.
  15. Арқам мен мойнымда ауыртпалықтар сеземін.
  16. Үстел басынды отырғанымда, аяғыммен тербетіп, саусақтарыммен үстел үстін соғып отырамын.
  17. Үстел үстінде отырғанда теңселе- тербеліп отырамын.
  18. Жетістіктерім үшін әрдайым мақтау сөздерін күтемін
  19. Өзімді басқалардан әлдеқайда күштімін деп ойлаймын.
  20. Тамақтану тәртібін (диета) сақтамаймын.

 

 Барысы: Сіз сөйлемді оқып, өзіңіздің ойыңызды келесі шкаланың көмегімен айтуыңыз тиіс:

 -         ешқашан (1 ұпай)

 -         кейде, оқта- текте ( 2 ұпай)

 -         жиі (3 ұпай)

 -         әрқашан (4 ұпай)

  Бағалау шкаласы:

30 ұпай және одан төмен.  

 Сіз саналы әрі тұрақты өмір сүретін адамсыз.Өміріңізде пайда болатын бар проблемаларды тез шеше аласыз. Өзіңізді өзгелерден артық деп ойламайтын, қанағат тұта алатын, әрқашан бәріне үлгеретін адамдардың қатарындасыз.

 

31-45 ұпай.

 Сіз өте белсенді адам болғандықтан өміріңіз қызықты әрі стресске толы болып өтеді. Сондықтан сіз көп шаршайсыз, үздіксіз стресске шалдығып отырасыз. Алайда бұл стресстің барлығы алдыңызға қоятын биік мақсаттарыңыз үшін.

 

46-60 ұпай.

 Сіз үшін бастысы- жарқын мансап. Сіз үшін өзгелердің ойы мен көзқарасы өзіңіздің ойыңыздан әлдеқайда маңызды, сондықтан сіз әрқашан стресс үстінде боласыз. Егерде сіз өміріңізді осындай бағытта жалғастырсаңыз, сіз расында да көп нәрсеге жетіп, армандарыңыздың көбі орындалады, алайда мұның барлығы сізге қуаныш әкеле алады ма, ойланып көріңіз.

 61 ұпай және одан жоғары.

 Сіз көліктің жүргізушісі секілді өмір сүресіз: бірде газға басып, бірде тормазға басасыз. Тез арада өмір сүруіңіздің салтын, тәртібін өзгертіңіз. Мұндай стресс тек сіздің денсаулығыңызға ғана емес, сондай- ақ сіздің болашағыңызға да зиян әсер етуі мүмкін.

 Балалардың  есіне!

  1. Ата – аналарыңды сүйіндер, бағаландар және құрметтендер – олардың орнын ешкім  ауыстыра алмайды.
  2. Жалқауланбандар, әр уақытта ата-аналарына  көмектесуге  даяр болындар – бұл оларға қуаныш әкеледі
  3. Саған әкеңнің ризашылық жүзі, анаңның күлкісі ұнай ма? Ендеше ол кісілер әр уақытта осылай болсын десең, олардың көңілінен  шығуға тырыс
  4. Анаңа, әжеңе, апай-қарындастарына жиі күн сыйла, тіпті ол  даланың гүлі болса да.
  5. Ақын Марина Цветаева: «Ата – анаңа қатты ренжіме» есіңде болсың, олар да сендердей болған, ертең сенде солардай боласың» - деген сөзін ұмытпа